Арнаулы кәсіптік мемлекеттік жәрдемақы: еліміздің қай өңірінен көп өтініш түсті
АСТАНА. KAZINFORM – Қаңтар айында ХҚКО-лар арнаулы кәсіптік мемлекеттік жәрдемақы алуға 1200-ден астам өтініш қабылдады. Қауіпті өндірістердегі жұмысшыларды қолдауға арналған бұл тетік Қазақстанда алғаш рет 2024 жылы енгізілген. Бір айдың қорытындысы бойынша республикалық бюджеттен өтінім бергендерге 160 млн астам теңге төленді.