Германия билігі елде оңшыл экстремизмнің таралуына жол бермейді
АСТАНА. KAZINFORM – Германияның ішкі істер министрлігі елде оңшыл экстремизмнің таралуына қарсы шараларды күшейтпек. Бұл туралы ведомство басшысы Нэнси Фезер мәлімдеп, «демократияны қорғау үшін заң үстемдігінің барлық құралдарын қолдануға» ниетті екенін баса айтты, деп хабарлайды euronews.