Қазақстан азаматтығын алатын шетелдіктер қазақ тілін білуге міндетті болады
АСТАНА. KAZINFORM - Бүгін Мәжілістің жалпы отырысында көші-қоны саласындағы заңнаманы жетілдіруге арналған заң қаралды. Оның аясында енді Қазақстан Республикасының азаматтығын алғысы келетін шетелдіктер қазақ тілін білуге міндетті болады. Бұл туралы Jibek Joly телеарнасының Мәжілістегі мобильді студиясында депутат Жарқынбек Амантайұлы айтты.