Жетісу облысында боранда жоғалған шопан аман табылды
АСТАНА. KAZINFORM - 16 ақпанда полиция қызметкерлеріне таңға жуық мал бағуға шығып, содан қайта оралмаған шопанды іздеу туралы өтініш түсті. Алакөл аудандық полициясының жеке құрамы мен құтқарушылар із-түзсіз жоғалған адамды іздеуге аттанды, деп хабарлайды ҚР ТЖМ баспасөз қызметі.