«Naqyl söz» қазақ тілін үйренуге көмектеседі – қызылордалық өнертапқыштар
ҚЫЗЫЛОРДА. KAZINFORM - Қызылордалық жас өнертапқыштар қазақ тілін үйрену және терең танығысы келген адамдарға арналған «Naqyl söz» қосымшасын ойлап тапты. Жаңашыл жобаны жүзеге асырған Алуа Едігеева мен Азиза Жақыпбек Назарбаев Зияткерлік мектебінің 11-сыныбында оқиды. Заманауи талаптарға сай келетін жаңа жобаны жасаған жас өнертапқыштарды әңгімеге тартқан едік.