Ерніңіз жарылса
Ерніңіз жарылса, ерін күтімі Әйелдердің көпшілігі ерін күтімі үшін сәндік косметиканы қолдану жеткілікті деп ойлайды. Тіпті, гигиеналық ерін далабын барлық қыздар бірдей қолданбайды. Оның орнына косметикалық ерін далабының ылғалдандыратын және қоректендіретін қоспалары бар түрін таңдауға тырысады. Бірақ ерін күтімі үшін ол жеткіліксіз. Ерін де тері сияқты ұқыпты күтімді қажет етеді.
Әйелдердің көпшілігі ерін күтімі үшін сәндік косметиканы қолдану жеткілікті деп ойлайды. Тіпті, гигиеналық ерін далабын барлық қыздар бірдей қолданбайды. Оның орнына косметикалық ерін далабының ылғалдандыратын және қоректендіретін қоспалары бар түрін таңдауға тырысады. Бірақ ерін күтімі үшін ол жеткіліксіз. Ерін де тері сияқты ұқыпты күтімді қажет етеді.
Ерінге дұрыс күтім жасалмағандықтан ол жарылады, қабыршақтанады немесе оның табиғи түсі кетіп, ағарып тұрады. Мұндай ерінді боясаңыз да, әдемі көрінбейді. Оның үстіне қатты жарылған ерін ауырады. Үйде бар өнімдерден ерінге қалай күтім жасауға болады?
Ең алдымен ерінді де бет терісі секілді тазарту керек. Ерінге аптасына бір немесе екі рет пилинг жасау жеткілікті. Ол үшін...