"Алаш" партиясы
Бұл мақаламнан тарих сахнасындағы ең айтулы қозғалыс Алаштықтар туралы,олардың ұстанымы туралы оқи аласыздар. Алаш қозғалысының мүшелері: "Алаш" партиясы
Алаш қозғалысының қалыптасуы халықтың мыңдаған жылдық мемлекеттілігінің дәстүрін жаңғырту үшін күрес жолындағы ең маңызды кезең еді. Бұл жолда қазақтың көзі ашық, көкірегі ояу ұлтжанды азаматтары жинала түсті. Сонау «Қазақ хандығы» кезіндегі байтақ даланы, тәуелсіздікті қайтарғысы келді. Алайда Ресей империясы оған мүмкіндік бермеді, есесіне қазақты одан сайын тонап, қинай түсті.
Алаш партиясын бірінші орыс революциясы кезінде құру ойластырылды. 1905-1907 жылдардағы оқиғалар, Бірінші дүниежүзілік соғыс, Ақпан және Қазан революциялары тарихтағы ірі толқулар қазақ халқының санасының оянуына ерекше серпін, қуат берді. Қазақстанның Омбы, Орынбор, Орал, Семей, Ташкент, Петропавл қалаларын да ашылған социал-демократтық ұйымдар жергілікті халықтың саяси көзқарасын өзгертуге жол ашты. Алаш партиясының көшбасшылары...