Мұхтар Әуезов - өмір жолы
Мұхтар Әуезов - әлем әдебиеті мойындаған дара тұлға. Мұхтар 1897 жылы 28 қыркүйек күні Шығыс Қазақстан облысы, Абай ауданында дүниеге келді. Қазақтың ұлы жазушысы, драмашы, публицист, зерттеуші, аудармашы, қоғам қайраткері, филология ғылымдарының тұңғыш докторы, Қазақ КСРО ның еңбек сіңірген қайраткері. 11 жасында әкесі Омархан қайтыс болып, ағасы Қасымбектің тәрбиесінде болды. Бала күнінен атасы Әуездің ықпалымен Абай шығармасымен сауат ашады. Әуез есікше сауаты бар, араб, парсы тілдерін меңгерген. Атасы жастайынан әдебиетке қызығушылығын арттырып, арабша хат тануды үйретеді. 1910 жылы ағасы Семейдегі 5 жылдық қалалық орыс-қазақ училищесіне оқуға түсіреді, соңғы сынып оқып жүріп, Мұхтар "Дауыл" атты шығармасын жазады. 1915 жылы училищені аяқтап, мұғалімдер...