"Балқадиша" әнінің шығу тарихы
"Балқадиша" әнінің шығу тарихы
Бағдаулет Айзере
“Атырау облысы Білім беру басқармасының Атырау қаласы білім бөлімінің “Жалпы білім беретін №5 Ғ.Мүсірепов атындағы орта мектеп” коммуналдық мемлекеттік мекемесі, 5А сынып оқушысы
5А сынып жетекшісі, тарих пәні мұғалімі
Ерлан Русланұлы
Әйгілі сері Ақан Қорамсаұлының «Балқадиша» әнін тыңдаған әрбір жан басты кейіпкер Қадиша қыздың тағдырына аяушылық білдіріп, ауыр күрсінетіні сөзсіз. Өкінішке орай, шерге толы әннің түпнұсқасы бізге толық жеткен жоқ.
Сан жылдар бойы тыңдарманның көкейінен шыққан танымал әннің туу тарихы туралы ел аузында әңгіме көп. Біз соның бір нұсқасын ұсынып отырмыз.
Ақанның сал-серілік құрып, ауыл-ауылдарды аралап жүрген кезі. Күндердің күнінде Ақан сері сол кездегі Ыбырай...