12 млрд $ инвестиция тартылмақ - Президент «QazaqGaz» басшысын қабылдады
АСТАНА. KAZINFORM - Мемлекет басшысы «QazaqGaz» ҰК» АҚ басқарма төрағасы Санжар Жаркешовті қабылдады. Президентке ұлттық компанияның былтырғы атқарған жұмысының есебі беріліп, алдағы кезеңге арналған жоспары таныстырылды, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.