Қазақ білім беру жүйесінің өзіндік ерекшелігі болуы қажет – жас ұстаз
ОРАЛ. KAZINFORM — Қазақстандағы білім беру жүйесінің өзіндік ерекшеліктері болу керек пе? Мектеп директорлары мен мұғалімдер алдында тұрған басты міндеттер қандай? Міне, осы орайда еліміздегі «Білім берудегі өзгерістің 1000 көшбасшысы» қатарына енген Казталов ауданы А.Оразбаева атындағы жалпы білім беретін орта мектептің директоры Марал Төлекенова Kazinform тілшісінің сауалдарына жауап берді.