Instagram-да тек қазақ тіліндегі бұйрықты екі етпейтін Майлыбек атты иттің қылықтары жұртты тәнті етті
АСТАНА. KAZINFORM – Instagram әлеуметтік желісінде Майлыбек атты иттің иесі түсірген видеолар күннен-күнге танымал болып келеді. Ең қызығы Майлоның иесі оған тек қазақ тілінде сөйлеп, бұйырса, өтініш айтса құйрығын бұлғаңдатып, айтқанын екі етпей орындайды.