Қазақстандық Аделаида Пчелинцева Азия чемпионы атанды
АСТАНА. KAZINFORM – Бүгін Филиппин елінің Нью-Кларк-Сити қаласында су спорты түрлерінен өтіп жатқан XI Азия чемпионатында қазақстандық Аделаида Пчелинцева 100 метрге брасс әдісімен жүзуден алтын медаль жеңіп алды.