Әмір Омарханов жасөспірімдер арасында әлемдік рейтингте 12-орынға көтерілді
АСТАНА. KAZINFORM – 18 жас және одан кішілер арасында ITF әлемдік рейтингі жаңартылды. Қазақстандық жасөспірімдерден 17 жастағы Әмір Омарханов 18-ден 12-орынға көтерілді. Бұл – ұл балалар арасында Қазақстан теннисі тарихында ең үздік көрсеткіш.