Астанада Ханшатыр мен Керуен сауда үйлерінің маңында жиі қылмыс жасалады
АСТАНА. KAZINFORM - Maqsut Narikbayev University жанындағы MIND талдау орталығы жүргізген зерттеу аясында Астана және Алматы қалаларындағы қылмыстардың жартысынан көбі өте шектеулі аймақтарда орын алатыны анықталды. Атап айтқанда Астанада қылмыстардың 50%-дан астамы қала аумағының 3% аумағында, ал Алматыда бұл көрсеткіш 5% территорияда болатыны дәлелденді.