Газадағы құрбандардың саны 30 мыңға жуықтады
АСТАНА. KAZINFORM – 7 қазаннан бері Израильдің Газа секторына жасаған шабуылдары нәтижесінде қаза тапқан палестиналықтардың саны 29 878-ге жетті. Тағы 70 215 палестиналық жарақат алды. Бұл туралы «Анадолу» агенттігі Палестина денсаулық сақтау министрлігінің Газа секторындағы мәлімдемесіне сүйене отырып хабарлады.