Теңізден шөлмекке салынған хат тауып алған Италия тұрғыны оны жазған баланы іздеп тапты
АСТАНА. KAZINFORM - Бөтелкедегі жолдау... Бұл ертегі немесе әннің атауы сияқты естіледі, бірақ Италияның оңтүстігіндегі Неаполь провинциясына қарасты Баколи қаласының тұрғыны Дарио Гранде бір күні жағажайда серуендеп жүргенде ішіне хат салынған бөтелке тапты, деп жазды Еuronews.