Су тасқыны кезеңі таяп қалды, ақсақалдардан кеңес сұрау керек - Ақтөбе әкімі
АҚТӨБЕ. KAZINFORM – Ақтөбеде су басу қаупі бар 36 елдімекен бар. Қазіргі кезде оның алтауы республикалық маңызы бар тасжолға жақын. Өңір басшысы Асхат Шахаров көктемгі су тасқыны кезеңінде жергілікті тұрғындардың, ақсақалдардың сөзіне ден қоюды тапсырды.