Алғашқы тікұшақ
1924 жылы алғашқы тікұшақ әуеге көтерілгеннен кейін 1938 жылы АҚШ Конгресінде сенатор Ф.Дорси тікұшақ құрастыруды ұсынады. Барлық сенатор Дорсиді қолдап, алғашқы тәжірбиелік тікұшақ құрастыруды Америкадағы танымал әуе құрылғыларын құрастырушы И. И. Сикорскийға тапсырады. Сикорский үлкен іске кіріспес бұрын, сынақ ретінде оның көтергіш қалақтары мен басқару жүйесінің стендін жасап алады. Оның жұмысқа қабілеттілігіне көз жеткізгеннен кейін ғана келісім беріледі.