Қан алу кабинеттерінде дыбыс жазатын бейнекамералар орнатылмақ
АСТАНА. ҚазАқпарат – Талдау үшін қан алу кабинеттерінде аудиожазба функциясы бар бейнебақылау камералары орнатылуы мүмкін. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігінің ашық талқыға шығарған тиісті бұйырығында жазылған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.