Сот шешіміне қаржы министрлігі қарсы. "Қаңтар оқиғасында жәбірленгендерге өтемақыны біз емес, жәбірлеген орган төлеуге тиіс"
Қаржы министрлігі Қаңтар оқиғасынан кейін қамалған, кейін кінәсі делелденбей босатылғандарға өтемақыны "оларға залал келтірген орган төлеуге тиіс" деп санайды. Қаржы министрлігінің ұстанымы бүгін Өскемен қаласының тұрғыны Ренат Жұбақовқа өтемақы төлеуге келіспей, Астана қаласының азаматтық істер жөніндегі сот алқасына түсірген шағымында айтылған. 26 мамырда Астананың Есіл аудандық соты Ренат Жұбақовтың өтемақы сұраған талабын ішінара қанағаттандырып, 5 миллион теңге беру жөнінде шешім шығарып, өтемақыны қаржы министрлігіне жүктеген еді. Читать дальше...