Мы в Telegram
Добавить новость
103news.com
World News in Kazakh
Май
2023

Алматыда полиция наразылыққа жиналғандарды ұстады. Астанада күзет күшейді

0
Алматыда полиция наразылыққа жиналғандарды ұстады. Астанада күзет күшейді

Алматыда 1 мамыр күні полиция бейбіт наразылыққа жиналғандарды ұстады. Қалада митинг өтеді деп жоспарланған Орталық саябақта полиция күзеті күшейді.

Шетелде тұратын оппозициялық саясаткер, елде қызметіне тыйым салынған "Қазақстанның демократиялық таңдауы" қозғалысының (Еуропарламент ҚДТ-ны "бейбіт оппозициялық ұйым" деп атайды) жетекшісі Мұхтар Әблязов жұртты осы жерге наразылыққа шақырған.

Ол Қытай азаматтарының Қытайға визасыз кіру режиміне қарсылық білдіріп, Қазақстанның ҰҚШҰ мен Еуразиялық экономикалық одақтан шығуын талап етуге үндеген.

Азаттық тілшісінің хабарлауынша, Алматыдағы митингіге 20 шақты адам жиналған. Оларға прокурор келіп, митингінің заңсыз екенін ескертіп, тарауды талап еткен. Кейін жиналғандар тарамаған соң арнайы жасақ оларды күштеп ұстап, автозакқа салып әкетті. Полиция белсенділерді не үшін ұстағанын түсіндірмеді. Ұсталғандардың бірі "оян, қазақ" деп айғайлады. Тағы бір адам "не үшін ұстап жатырсыңдар, олар не істеді?" деп полицияға жанұшыра айғайлағанымен, орган өкілдерінің ешкімі оған жауап бермеді.

Ал Астанада "оппозиция митингісі өтеді" деген аумақты полиция тұтас қоршап тастады. Полиция машиналары өте көп. Азаттық тілшісі он шақты автобус, алты-жеті полиция машинасын көрді. Адам құқығын қорғау бюросының заңгері Артур Алхастов бір адамның ұсталғанын көрген, бірақ аты-жөнін білмейтінін айтты.

Астанада полиция тіркелмеген "Алға, Қазақстан" оппозициялық партиясының мүшесі Марат Жыланбаевты жолда тоқтатып, Алматы аудандық полиция бөлімшесіне әкетті. Азаттық тілшісінің хабарлауынша, полиция "Жыланбаевтың жол ережесін бұзғаны жөнінде әлдекімнен қоңырау" түскенін айтып, хаттама толтыру үшін бөлімшеге бару керектігін айтқан.

Жыланбаев бұған дейін әлеуметтік желідегі парақшасында 1 мамырда Астанадағы Кенесары хан ескерткіші маңында марафоннан шеберлік сынып өткізетінін жариялаған. Осыған дейін Әблязов та митинг дәл осы ескерткіш маңында өтетіні хабарланған еді.

Жыланбаев шақырған жерге "жүгірудің тәсілін үйренеміз" деген бірен-саран адам жиналды. Оларды полиция біраз бақылап тұрды. Марат Жыланбаевтың ұсталғанын естіген топ "полициядан қорықпаймыз, тарқап кетпейміз. Маратқа қолдау білдіріп, өзіміз жүгіреміз" деді.

#NotExtremists Телеграм-арнасы Астанада азаматтық белсенді Эльвира Бекзадина ұсталғанын жазған.

Сондай-ақ Астанада полиция "Власть" сайтының тілшісі Бейімбет Молдағалиды ұстап кейін қайта босатқан. "Власть" сайтының жазуынша, тілшіні Сарыарқа аудандық полиция бөлімшесінде суретке түсіріп, саусақ іздерін алған. Басылым тілшіге қысымға байланысты полицияға шағым түсіретінін хабарлады.

Қазақстан билігі осыған дейін Қытаймен өзара 30 күндік визасын режим енгізетінін мәлімдеген. Кейбір белсенділер Қытай азаматтарына визасыз режим енгізсе, елге қытайлықтар келіп, заңсыз қалып қояды деп қауіптенеді.

Сондай-ақ оппозиция мен белсенділер Ресейдің ықпалы күшті Ұжымдық қауіпсіздік шарт ұйымы мен Еуразиялық экономикалық одақтан шығуды да талап етеді.

Ресей және Қытаймен тығыз қарым-қатынас орнатқан Қазақстан билігі Мәскеу және Пекинмен байланыстан еш қауіп көрмейді.

Қазақстанда жұрт қандай да бір наразылық шарасына шығу үшін әкімдіктен рұқсат алуы тиіс. Әкімдік рұқсат етілмеген митингілер заңсыз деп танылады және қатысушыларын полиция күштеп ұстап, кейін әкімшілік жазаға тартады.





Губернаторы России
Москва

Собянин посетил фестиваль "Москва – на волне. Рыбная неделя"





Москва

Улыбка сделала слушателя «Юмор FM» миллионером


Губернаторы России

103news.net – это самые свежие новости из регионов и со всего мира в прямом эфире 24 часа в сутки 7 дней в неделю на всех языках мира без цензуры и предвзятости редактора. Не новости делают нас, а мы – делаем новости. Наши новости опубликованы живыми людьми в формате онлайн. Вы всегда можете добавить свои новости сиюминутно – здесь и прочитать их тут же и – сейчас в России, в Украине и в мире по темам в режиме 24/7 ежесекундно. А теперь ещё - регионы, Крым, Москва и Россия.

Moscow.media
Москва

Сергей Собянин: фонд музея "Царицыно" собрал 61 тыс. произведений искусства



103news.comмеждународная интерактивная информационная сеть (ежеминутные новости с ежедневным интелектуальным архивом). Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. "103 Новости" — абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. 103news.com — облегчённая версия старейшего обозревателя новостей 123ru.net.

Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам объективный срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть — онлайн (с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии).

103news.com — живые новости в прямом эфире!

В любую минуту Вы можете добавить свою новость мгновенно — здесь.

Музыкальные новости

Елена Волкова

POMPEYA и O! МАРГО выступят на фестивале «НЕБО»




Спорт в России и мире

Алексей Смирнов – актер, которого, надеюсь, еще не забыли

МегаФон привёз спасателям и пожарным грузовик связи

Пассажир остановившегося в тоннеле метро поезда рассказал о происходившем в вагоне

Дептранс Москвы раскрыл детали инцидента на станции метро "Спортивная"


Надежда Петрова

Теннисистка Петрова: Хачанов совершил недопустимую ошибку на "Ролан Гаррос"



Новости Крыма на Sevpoisk.ru


Москва

В арктическую экспедицию Росатома может отправиться школьник из Приамурья



Частные объявления в Вашем городе, в Вашем регионе и в России