Мұхаммедкәрімді соттау, Мамайға араша, құзіреті күшті Мирзияев - AzatNews | 2 мамыр, 2023
Қазақстанда ND Youtube арнасының авторы, журналист Думан Мұхаммедкәрім 25 күнге қамалды. Оны қылмыстық іске куәгер ретінде тартты БҰҰ-ның жосықсыз ұстаулар жөніндегі жұмыс тобы оппозициялық саясаткер Жанболат Мамайдың бас бостандығын 6 жылға шектеген Қазақстан сотының үкімін сынады. Құжатта Мамайды дереу босатып, оған өтемақы төлеу керегі айтылған. Өзбекстан конституциясын өзгертті. Бұдан былай президент 7 жыл екі мерзімге сайланады. Қазіргі президент елді 2040 жылға дейін билеуге мүмкіндік алды.