Марафоншы Марат Жыланбаев 20 тәулікке қамалды
Астанада танымал марафоншы Марат Жыланбаевты полиция ұстап әкетті. Оны бір күнде екі рет сотқа тартып, 20 тәулік әкімшілік қамауға алды. Жыланбаевтың наурыздың ортасында серіктерімен бірге «саяси тұтқындарға» бостандық талап етуін сот заңсыз деп тапты.