"Сыбайластық бар, бірақ жемқорлық жоқ". Әкімге жақын депутат Азаттық зерттеуіне пікір білдірді
Азаттық радиосының "Шығыстағы миллиардтар. Даниал Ахметовке жақын кәсіпкердің бизнесі" деген зерттеуіне негізгі кейіпкерлердің бірі, мәжіліс депутаты Ұлықбек Тұмашинов түсініктеме берді. Ол компаниясының мемлекеттен миллиардтаған теңге тендер алуына әкіммен сыбайластығы әсер етпегенін айтты.