"Ауруханадан көлікке тиеп, изоляторға апарды". Қаңтарда оқ тиген Ділшаттың бастан кешкені
Алматылық Ділшат Әбдусаттаров – Қаңтар оқиғасында аяғына оқ тиіп жараланған. Қазір жүре алмайды. Арнайы жасақ Ділшатты ауруханада жатқан жерінен күштеп әкетіп, тергеу абақтысына жеткізген. Кейін оның үстінен қозғалған қылмыстық іс "айыбы дәлелденбеді" деп жабылған. Оған оқ атқандар табылмады.