ҚР Балалар онкогематологиялық қызметіне – 30 жыл
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда ҚР Балалар онкогематология қызметiнің 30 жылдығына арналған «Балалар онкогематологиялық қызметінің дамуына 30 жыл: жетістіктері мен болашағы» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті. Шара барысында дәрігерлер балалар онкогематологиялық қызметінің дамуы мен келешегін талқылады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.