Мы в Telegram
Добавить новость
103news.com
World News in Kazakh
Май
2023

Жоғарғы сот экс-кандидаттардың талап арыздарын қараудан бас тартты

0
Жоғарғы сот экс-кандидаттардың талап арыздарын қараудан бас тартты

Жоғарғы сот наурызда өткен сайлауда Алматының №4 сайлау округі бойынша мәжіліс депутаттығына өзін-өзі ұсынған бұрынғы кандидаттар Санжар Боқаев пен Мұрат Адамның сайлау комиссияларының үстінен түсірген шағымдарын қарамай тастады. Сайлау нәтижесі бұрмаланды, науқан әділетсіз өтті деп санайтын экс-кандидаттар биылғы 19 наурызда өткен дауыс беру нәтижесін жоққа шығаруды және сайлау комиссияларының өз шағымдарын қарастырмау әрекетін заңсыз деп тануды сұраған.

Алматыда баспасөз конференциясын өткізген олар Жоғары соттың бұл талап арыздарды қараудан бас тартуына негіз жоқ деп есептейді.

Адвокат болып жұмыс істейтін Мұрат Адамның айтуынша, Жоғарғы сотқа екі талап арыз берілген. Бірінші талап арызға өзі қол қойып тапсырған. Онда Орталық сайлау комиссиясының және аумақтық сайлау комиссиясының өз шағымдарын қарастырмай тастаған әрекетін заңсыз деп тануды сұраған. Ал, екінші талап арызды Санжар Боқаев қол қойып тапсырған. Онда мәжілісі сайлауының нәтижелерін заңсыз деп тану туралы талап қойылған.

Мұрат Адам мен Санжар Боқаев екі талап арызды да электронды цифрлық қолтаңба қойып, тапсырған. Бірінші талап арыз бойынша Мұрат Адамға Жоғарғы соттан "Санжар Боқаевтың атынан қол қоюға өкілеті жоқ" және "талап арыз бойынша мәселе соттан тыс тәртіпте, яғни аумақтық және орталық сайлау комиссияларында шешіледі" деген анықтамамен кері қайтарылған.

Екінші талап арызға да соған ұқсас жауап келген. Онда Санжар Боқаевқа "Мұрат Адамның атынан қол қоюға өкілеті жоқ" және "арыз беру мерзімі он күннен асып кетті" делінген. Алайда, Мұрат Адам арыз беру мерзімі өтіп кетпегенін, талап арыз электронды түрде жіберілгенін және ол жерде тіркелген күні көрініп тұрғанын айтады. Жоғарғы соттан күдер үзген Санжар Боқаев пен Мұрат Адам енді Конституциялық сотқа жүгінбек. Егер онда да талаптары қанағаттандырылмаса, БҰҰ-ның адам құқығын қорғау комитетіне шағымданбақ.

Соңғы кездері саясатпен айналысып жүрген бұрынғы шенеунік Санжар Боқаевтың айтуынша, қолында өз округіндегі сайлау учаскелерінің 90 пайызының хаттама көшірмелері бар. Соған сәйкес дауыс берушілердің басым бөлігі өзіне дауыс бергенін айтқан Боқаев ОСК-дан қалған учаскелердегі хаттама көшірмелерін беруді талап еткен. Алайда ОСК бұдан бас тартқан. Осыдан соң мәжіліс депутаттығына экс-кандидаттар Орталық сайлау комиссиясын сотқа берген.

Мұрат Адам Алматы қалалық аумақтық сайлау комиссиясынан "хаттама көшірмелерін алуға құқығыңыз жоқ, тек бақылаушыңыз не сенімді өкіліңіз ала алады" деген жауап алғанын жеткізді. Ол мұны абсурд деп бағалады.

Өзіне дауыс берушілердің дауысы дұрыс есептелмегенін айтқан ол кез келген адам өзінің құқығы мен заңды мүддесіне қатысты ақпаратты немесе құжатты алуға құқылы екенін айтты. Ол өзін сайлаудың нәтижелерін даулау мүмкіндігінен айырды деп санайды.

Боқаевтың айтуынша, қолында бар хаттама көшірмелеріне сәйкес, бүгінде №4 сайлау округынан сайланып, мәжіліс депутаты атанған Ерлан Стамбеков 5990 дауыс жинаған. Ал сайлау комиссиясының ресми сайтында оның 15 990 дауыс алғаны айтылады. Боқаев қазір "бәрінен бұрын өзіме дауыс берген 10 мыңдай адамның конституциялық құқығын қорғау маңызды" деп санайды.

Сайлау күні Астанада сайлауға қарсылық білдірмек болған белсенділер ұсталды. Бақылаушылар дауыс беру кезінде көптеген заңсыздық (бюллетеньдерді топтап салу, "карусель" әдісі, хаттама бермеу және тағы басқа) болғанын айтты. Билік "сайлау нәтижесіне әсер етпейтін жекелеген заңсыздықтар туралы" айтып, заңсыздыққа жол бергендер жауапқа тартылады деді.

Мәжілістегі орындардың басым бөлігін биліктегі "Аманат" партиясы алды. Одан бөлек, Қазақстан халық партиясы (бұрынғы "коммунистер"), "Ақ жол". Қалған орындарды "Ауыл", "Республика" және ЖСДП белгіленген межеден өтіп, депутаттарын жіберді. Бұл партиялардың барлығы билікті жақтайтын саяси ұйым саналады.

Бақылаушылар билік сайлауда әкімшілік ресурсты кеңінен қолданғанын, сайлауға шынайы оппозиция күштері жіберілмегенін айтты. Бірде-бір партияға мүше емес ондаған белсенді, құқық қорғаушы, заңгер және өзге азаматтар "түрлі себеппен" кандидат ретінде тіркеле алмаған.





Губернаторы России
Москва

Собянин: Более трех миллионов человек посетили фестиваль «Москва на волне. Рыбная неделя»





Москва

Eurasianet: Азербайджан публично и цинично уничтожает армянское культурное и историческое наследие в Нагорном Карабахе


Губернаторы России

103news.net – это самые свежие новости из регионов и со всего мира в прямом эфире 24 часа в сутки 7 дней в неделю на всех языках мира без цензуры и предвзятости редактора. Не новости делают нас, а мы – делаем новости. Наши новости опубликованы живыми людьми в формате онлайн. Вы всегда можете добавить свои новости сиюминутно – здесь и прочитать их тут же и – сейчас в России, в Украине и в мире по темам в режиме 24/7 ежесекундно. А теперь ещё - регионы, Крым, Москва и Россия.

Moscow.media
Москва

Собянин: Более трех миллионов человек посетили фестиваль «Москва на волне. Рыбная неделя»



103news.comмеждународная интерактивная информационная сеть (ежеминутные новости с ежедневным интелектуальным архивом). Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. "103 Новости" — абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. 103news.com — облегчённая версия старейшего обозревателя новостей 123ru.net.

Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам объективный срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть — онлайн (с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии).

103news.com — живые новости в прямом эфире!

В любую минуту Вы можете добавить свою новость мгновенно — здесь.

Музыкальные новости

Тимати

Возлюбленная Тимати опубликовала фото топлес




Спорт в России и мире

Алексей Смирнов – актер, которого, надеюсь, еще не забыли

МегаФон привёз спасателям и пожарным грузовик связи

VK Fest 2024: Музыка и Развлечения на Открытых Площадках России

Больше всего работников с креативными идеями работает в ритейле и спорте


Елена Рыбакина

В России отреагировали на "скрытую баранку" и достижение Рыбакиной на Ролан Гаррос



Новости Крыма на Sevpoisk.ru


Москва

Доктор Кутушов назвал болезни, которые поджидают отдыхающих у водоёмов



Частные объявления в Вашем городе, в Вашем регионе и в России