31 мамырға күн райы болжамы
АСТАНА. ҚазАқпарат – Атмосфералық фронталды бөліктердің өтуімен 31 мамырда Қазақстан аумағының басым бөлігінде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Тек республиканың солтүстігі мен оңтүстік жартысында жауын-шашынсыз ашық күн райы қалыптасады. Барлық өңірде екпінді жел сақталады, батыста және оңтүстікте шаңды дауыл тұрса, солтүстікте тұман болжанады. ҚазАқпарат бұл туралы Қазгидрометке сілтеме жасап хабарлайды.