Полицияға пара ұсынған жүргізуші 465 мың теңге айыппұл арқалады
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат – Ақмола облысында патрульдік полиция инспекторына пара ұсынған жүргізушіге қатысты сот үкімі шықты. Сот ер адамға 465 мың теңге айыппұл, 15 тәулікке әкімшілік қамаққа алу және өмір бойына мемлекеттік қызметте қызмет атқару құқығынан, 8 жылға көлік басқару құқынан айыру жазаларын тағайындады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі облыстық соттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.