Каир халқы қазақ мәдениеті мен өнеріне қанықты
АСТАНА. ҚазАқпарат - Мысыр астанасында қазақ әуендері шырқалып, жергілікті көрермендерді баурап алды. Каир опера театрында Қазақстанның Мысырдағы мәдени күндеріне арналған гала-концерт өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.