Қазақ тіліндегі бағдарламамен жасақталған ультрадыбыстық зерттеу аппараттарын өндіру басталды
АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғинияттың төрағалығымен ультрадыбыстық зерттеу аппараттарын өндіру жобасы бойынша бас директор Yong Kwan Kim мырза бастаған Samsung Medison (Корея Республикасы) компаниясының өкілдерімен екіжақты кездесу өтті, деп хабарлайды ҚР ДСМ баспасөз қызметі.