Алматы әкімдігі қызметкерлерінің ұсталғаны туралы ақпарат - жалған
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматы қаласының қала құрылысын бақылау басқармасы қызметкерлерінің ұсталуы туралы ақпарат шындыққа жанаспайды. Бұл туралы қала әкімдігінің баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.