Бейбарыс емес, Байбарыс: мәмлүктанушы Қайрат Сәки сұлтан есімін дұрыс айтуды баба аруағына құрмет деп санайды
КАИР. ҚазАқпарат – Сұлтан есімін Байбарыс деп дұрыс айту және жазу – тарихи шындықты қайта қалпына келтiру ғана емес, оның аруағына деген құрмет пен тағзым белгiсi деп санаймыз. Бүгін Мысыр астанасы Каир қаласында Сұлтан әз-Захир Бейбарыс мешітінің салтанатты ашылуына қатысқан қазақстандық ғалым, мәмлүктанушы Нұр-Мүбарак Египет ислам мәдениеті университетінің Әбу Ханифа ғылыми-зерттеу орталығының ғылыми қызметкері Қайрат Сәки осындай пікір білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.