Қалқанша безінің қатерлі ісігіне әйелдер үш есе жиі шалдығады – онколог
ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат – Солтүстік Қазақстан облысында қалқанша безі қатерлі ісігімен 746 адам есепке алынса, соның тек шамамен әр он екіншісі ғана ер адамдар. Әйелдер арасында жиі кездесетін қатерлі дерт жайында, оның белгілері мен алдын алу жолдары туралы ҚазАқпарат тілшісіне облыстық көпбейінді аурухананың онкология орталығының торакалды бөлім меңгерушісі Рашид Алиев айтып берді.