Мәулен Әшімбаев Израиль Кнессетінің спикерімен парламентаралық ынтымақтастықты талқылады
ИЕРУСАЛИМ. ҚазАқпарат - Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев бастаған Парламенттің бір топ депутаты Израильге сапармен келді. Сапар барысында Мәулен Әшімбаев Кнессет спикері Амир Оханамен кездесіп, екі ел арасындағы парламентаралық ынтымақтастықты одан әрі нығайту мәселесін талқылады. ҚазАқпарат бұл туралы Сенаттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.