Ақтауда жазғы Универсиада салтанатты түрде ашылды
АҚТАУ. ҚазАқпарат – Ақтау қаласында елдегі жоғары оқу орындардың студенттері арасындағы XII жазғы Универсиаданың ресми ашылу салтанаты өтті. «Маңғыстау-Арена» спорт кешенінде мыңдаған адам жиналып, шоу бағдарламаны тамашалады, деп хабарлайды ҚазАқпарат Ғылым және жоғары білім министрлігінің фейсбуктегі парақшасына сілтеме жасап.