Қазақ телевизиясының майталман маманы
Мақала Бейсен ағаны еске алу мақсатында жарияланбақ.Сонымен қатар Қазақ телевизиясына 65 жыл толуына орай осы уақытқа дейінгі үздік журналисттердің бірін еске алсам деймін.
«Жүректі сақтайықшы
Өзіміздікін де,өзгенікін де.»
Бейсен Құранбек.
Биыл Қазақ телевизиясына 65 жыл.Қазақ телевизиясы ақпарат саласында 1 ғасырға жуық уақыт аралығында қызмет етіп келеді.Осы уақыт арасында өнер мен мәдениеттің ошағына айналып үлгерді.Ой-танымдық жобалар мен мүмкіндіктерге толы ток-шоулар жасалынып,қазақ тіліндегі мега шоулар халыққа өз пайдасына тигізіп келе жатыр.
Қазақ телевизиясында 65 жыл бойы түрлі журналисттер қызмет етіп,әрқайсысы қоғамнан, өз орынын ойып алып,қоғамның тірегіне айналып,көпке үлгі боларлықтай қызмет атқарды.Бүгін сондай азаматтарымыздың бірі Бейсен Құранбек жайлы сөз қозғасам деймін.
Бейсен Құранбек журналист,қоғам қайраткері,тележүргізуші,Қазақстан телеарнасындағы «Айтуға оңай» бағдарламасының жетекшісі әрі жүргізушісі.Жүрегі мейірімге толы,қазақтың шын жанашыр адамы болып санада мәңгі қалар...