«БерАли» компаниясының бұрынғы қызметкерлеріне жұмыс ұсынылды
АҚТАУ. ҚазАқпарат - Маңғыстау облысының әкімі Нұрлан Ноғаев «БерАли» компаниясының бұрынғы қызметкерлерімен кездесті. Кездесуде жиналғандарға жалақы мен еңбек жағдайларын сақтай отырып, «МөлдірМұнайСервис» ЖШС-не ұзақ мерзімге (3 жыл) жұмыс ұсынылды. Бұл туралы Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметінен мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.