Тегін қолөнер курстары өтті
Jas sheber - қолөнер мамандықтарын дамытуға бағытталған жоба
Мамыр айында Алматы қалалық “Qaiyrymdy qala” қоғамдық қорының ұйымдастыруымен “Jas sheber” қолөнер курстары өтті. Қоғамдық қор мен “Jas sheber” жобасының жетекшісі - Дидар Құрман Қайратұлы. Курсқа 14-35 жас аралығындағы жастар қатысты. Алматы қалалық жастар саясаты басқармасының қолдауымен “Jas sheber” қолөнер мамандықтар орталығы өзінің алғашқы жобасын бастады.
Айта кетелік, қоғамдық қор Qazaq-Oner Ұлттық Ассоциациясымен өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойған. Меморандум мақсаты - жастардың сәндік-қолданбалы қолөнермен айналысуы және сол бағытта жастарды жұмысқа орналастыру бойынша дамыту жобасын жүзеге асыру.
Қолөнер курстарында ұлттық киім тігу, құмыра жасау, заманауи киіз басу, тоқыма тоқу, құрақ құрау, ұлттық әшекей бұйымдар жасау бойынша сабақтар өтілді.
Қыш құмыра...