ШҚО-да мүмкіндігі шектеулі балалармен жұмыс істеген 200-ден астам мұғалімге қосымша ақы төленбеген
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысы Самар ауданында прокурорлар мүмкіндігі шектеулі балалармен жұмыс істеген 200-ден астам мұғалімге 20 млн теңге қосымша ақы төленбегенін анықтады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.