Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті Тарих факультетінің ұйымдастыруымен журналистика факультетінің 1-курс студенттеріне «Алаш туы астында, күн сөнгенше сөнбейміз!» атты тәрбие сағаты өткізілді.
Тарих , Журналистика
«Алаш туы астында, күн сөнгенше сөнбейміз!». Иә дәл осындай атаумен көршілес факультет өкілдері келіп 1 курс студенттерін татулық пен бірлікке үйретуді негіздеді. Ашық сабақтың беташар көрінісі ретінде Сатыбалды Асылзат «Толғау» атты әнін айтып, әннен шашу шашты. Ізінше 1 курс студенттері де ата ізін құрметтейтін жалынды жас өрен ретінде Алаш зиялыларын бейнелейтін, «Қазақ» газетінің шығу барысы кезіндегі Ресей патшалығының наразылығына түсіп, түрмеге жабылған сәттерін «Ахмет. Ұлт ұстазы» атты телехикая желісінен үзінділерді көпшілік назарына ұсынды. Тәрбие сағатының жетекшісі Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-де доцент, эксперт, тарихшы Тасилова Назия және практика бойынша жетекшісі Мейрамбекқызы Нұрсұлу сөз сөйлеп, студенттерге жүрекжарды тілектерін тіледі. Тәрбие сағатттың сыйлы...