Астанадағы 4 жерлеу орнына ресми мәртебе беріледі
АСТАНА. ҚазАқпарат – Астанада 4 жерлеу орны ресми мәртебеге ие болады, абаттандырылады және қоршалады. Олар – «Талдыкөл», «Башан» және «Омар» зираттары. Бұл туралы Нұра ауданының әкімі Жүсіп Жұмағұлов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат аудан әкімі аппаратының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.