Бала кезімнен дәрігер болуды армандадым – қызылордалық травматолог
ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат – Қызылордалық дәрігер Бауыржан Бекпанов денсаулық сақтау саласында жемісті еңбек етіп келеді. Облыстың травматология саласында қаншама ота жасап, елдің алғысына бөленіп үлгерді. Денсаулық сақтау ісінің үздігі, жоғары санатты хирургтың жұбайы да медицина саласында еңбек етеді. Қазір үлкен баласы да ата-анасының дәрігер болса, оның жұбайы да ақ халатты абзал жан. Сондай-ақ, тағы екі баласы медицина университетінде білім алады. Осылайша, Бауыржан Бекпанов дәрігерлер әулетінің алтын қазығына айналып үлгерді. ҚазАқпарат тілшісі облысқа белгілі дәрігерді медицина күні қарсаңында әңгімеге тартқан еді.