Ұлттық құрылтайда білім саласына қатысты идеологиялық басым бағыттар талқыланды – Ғани Бейсембаев
АСТАНА. ҚазАқпарат – Еліміздің рухани астанасы Түркістанда өткен Ұлттық құрылтайда білім саласына қатысты ұзақ мерзімге арналған идеологиялық басым бағыттар талқыланып, нақты шешу жолдары ұсынылды. Екі күнге жалғасқан кеңесте ел үшін маңызды мәселелердің түйіні тарқатылып, жүйелі ұсыныстар, кесімді шешімдер айтылды. Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев әлеуметтік желідегі парақшасында осындай пікір қалдырды.