Шілдеден бастап жәрдемақының белгілі санаттары пайыздық өсіммен төленеді
АҚТАУ. ҚазАқпарат - Маңғыстау облысында 200 мыңға жуық адам зейнетақы мен жәрдемақы алады. Шілдеден бастап жәрдемақының белгілі санаттары пайыздық өсіммен төленеді. Бұл туралы Қоғамдық коммуникация орталығында өткен брифингте «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ МОФ директорының орынбасары Ұлан Нұрлыбаев мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.