“ДАЛА УАЛАЯТЫНЫҢ ГАЗЕТІ” басылымында СҰЛТАНҒАЗИН қолтаңбасы
Дінмұхамед Сұлтанғазин – ұлттық публицистиканың негізін қалаушылардың бірі. Ол 1867жылдың 10 мамырында Семей қаласында туған.
“Дала уалаятының газеті” – Омбы қаласында 1888 жылдан 1902 жылға дейінгі аралықта шығып тұрған қазақ журналистикасының тарихындағы екінші басылым.
Газет патша үкіметінің органы болғанымен, саясаттың сойылын соғуға ниетті жоқ. Басылым өзінің ресми емес бөлімінде егіншілікті өркендету, отырықшылыққа көшу, ғылыми жаңалықтар, мәдениетке ұмтылу, ел басқару мәселелерін қамтып, қазақ халқының өмірінде прогресшіл рөл атқарған.
“Дала уалаятының газеті” – қазақ публицистикасының қалыптасуына үлкен рөл қосқан газет. Газет редакторы ретінде әуелде И.Козлов, К.Михайлов, Г.Абаза, А.Попов, Д.Лавров деген кісілер қол қойып отырған. Ал қазақша бөлімін редакциялаған, аудармашы қызметін атқарған Ешмұхамед Абылайханов пен Дінмұхамед Сұлтанғазиндер еді. Газеттің шығуына ат салысып, белсенді әдеби қызметтер атқарған қаламгерлерге...