Арқалағаны алтын адамдар...
30 жылдан астам ғұмыры бар студенттердің оқу-тәжірибелік «Журналист» газеті.
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Журналистика факультеті – жалындап тұрған жас өрендердің қанатын қатайтып, биікке самғауына зор мүмкіндік сыйлайтын еліміздегі жалғыз қара шаңырақ. Өйткені, қара шаңырақ студенттерге терең білім берумен қатар, журналистиканың басты қағидасы – сауатты жазуға шыңдайтын шеберлік мектеп. Оған дәлел – 30 жылдан астам ғұмыры бар студенттердің оқу-тәжірибелік «Журналист» газеті.
Журналист мамандығы–қиындығы мен қызығы қатар жүретін, жан-жақты білімділікті талап ететін жауапты сала. Төртінші билік өкілдері деп аталатын бұл мамандық иелерінің басты қаруы – сөз, қорғағаны халықтың мүддесі. Қаламын қолға алып, қару еткен, жаңалықтың жаршысына айналған осы бір кәсіп иелерінің қоғамдағы орны айрықша, арқалаған жүгі таудай. Сонау ХІХ ғасырда...