СҚО-дағы ең үлкен жылыжай құрылысы аяқталуға жақын
ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат – Солтүстік Қазақстан облысында жылына 3 мың тонна көкөніс беретін жылыжай құрылысы жүріп жатыр. Заманауи технологиямен жабдықталған нысан жаздың соңында пайдалануға беріліп, 65 адамды жұмыспен қамтымақ, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.