Жаңбыр, найзағай: Сәрсенбіге күн райы болжамы
АСТАНА. ҚазАқпарат – 21 маусымда еліміз аумағының басым бөлігі атмосфералық фронталды бөліктердің ықпалында болады. Соған байланысты жаңбыр мен найзағай сақталады. Республиканың солтүстігінде, шығысында, оңтүстік-шығысы мен орталығында – бұршақ, дауыл, басым бөлігінде екпінді жел сақталады. Оңтүстік-шығыста, оңтүстік-батыс пен солтүстік-шығыста, сондай-ақ шаңды дауыл күтіледі. ҚазАқпарат бұл туралы Қазгидрометке сілтеме жасап хабарлайды.